Пациент бұған дейін ішінің қатты ауырсынуымен қаладағы басқа ауруханаға түскен. Алайда ол жердегі дәрігерлер жүкті әйелге ота жасауға тәуекел етпей, Ұлттық госпитальдың тәжірибелі гинекологы Шолпан Әлиевадан көмек сұраған. Тәжірибелі маманның жедел әрі нақты әрекетінің арқасында ота сәтті өтіп, әйел ауруханадан үйіне шығарылды.
Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зертхана мамандарының ролі ерекше. ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары қауіпті инфекциялар мен санитариялық тәуекелдерді анықтауда жоғары технологиялық әдістерді қолданады.
Сала маманы болу үшін микробиология, вирусология, эпидемиология немесе зертханалық диагностика бағыттары бойынша жоғары білім алып, кейіннен тар бейінді маманданудан өту қажет. Әсіресе, аса қауіпті патогендермен және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу үшін арнайы оқытудан өтіп, жүйелі түрде рұқсаттаманы растап отыру талап етіледі.
Орталық директорының орынбасары Дамир Қобжасаровтың айтуынша, химиялық, бактериологиялық, радиологиялық және молекулалық-генетикалық бақылаудың біртұтас жүйесі елдің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сенімді қорғауға мүмкіндік береді.
(0)Comments