Астанада Әділет партиясының кадрлық резерві — Адал азамат мектебінде оқу басталды

Астанада Әділет партиясының кадрлық резерві — Адал азамат мектебінде оқу басталды
View on original source
Category: Blend
Share
Archive
Like
Астанада Жаңа адамдар және Дала Қырандары іске қосқан Әділет партиясының кадрлық резерві — Адал азамат мектебінде оқу басталды. Мектеп көшбасшылары білім беру бағдарламасын, оқу форматын және оқытушылар құрамын таныстырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Мади Омирзаков, Жаңа адамдар: «Бүгін біз елді өз қолымен өзгертетін көшбасшыларды жүйелі түрде даярлауға жол ашамыз. Осында келген әр адам алғашқы қадамын жасап үлгерді — өз дамуына жауапкершілік алды». Бейбарыс Камали, Дала Қырандары: « Мектептің оқыту жүйесі алынған білімді бірден тәжірибеде қолдануға негізделген. Алғашқы күннің өзі жастардың әрекет етуге дайын екенін көрсетті». Мектеп бағдарламасы Мәселе менде қағидатына негізделген: адам өз дамуына өзі жауап береді. Білім беру бағдарламасы меритократия, жеке жауапкершілік және жасампаз патриотизм қағидаттарына негізделген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Әділетті, қуатты, қауіпсіз әрі таза Қазақстанның тірегіне айналатын жауапты және адал азаматтарды тәрбиелеу — баршамызға ортақ міндет. Біз озық мемлекет құру үшін бірлесе жұмыс істеуіміз керек». Мектепке белсенді жастар, үкіметтік емес сектордың, қоғамдық бірлестіктердің және бастамашыл қозғалыстардың өкілдері қосылды. Қатысушылар түрлі салаларда қызмет етеді, ал оқу олардың тәжірибесін біртұтас әлеуетке біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл түрлі бағыттарда реформалар мен қоғамдық бастамаларды жүзеге асыра алатын жас көшбасшыларды даярлауға бағытталған. Ұнайды 0 Ұнамайды 0 Күлкілі 0 Ашулы 0

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.