АҚШ тарифтік саясатымен бақылау жүргізгісі келеді

АҚШ тарифтік саясатымен бақылау жүргізгісі келеді
View on original source
Category: Financial
Share
Archive
Like
Трамп Нью-Мексико штатын «Жаңа Америка» деп өзгертуді ұсынды. Оның ойынша бұл атау жағымды естіледі екен. Бірақ штат губернаторы АҚШ Президентінің ұсынысын қолдамады. Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Онтарио көлін америкалықтар үшін «Америка көлі» деп өзгерткен еді. Ал штаттардан бөлек шартарапта қандай ақпар бар? Сержан Айтжан айтсын. Иә, АҚШ ішкі һәм сыртқы саясатын бағдарлап отыр. Иранның Бандар-Аббаста қаласындағы экономикалық қиындық әсіресе порт маңында анық сезіледі. Соғысқа дейін мұнда күн сайын азық-түлік пен ет тиеген ондаған жүк көлігі келіп, жүздеген адам еңбек еткен. Қазір АҚШ-тың Иран порттарына енгізген блокадасы салдарынан айлақтың жұмысы күрт бәсеңдеген. МОХАММЕД ТОРАБИАН, ПОРТ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Қазір жағдай өте нашар. Соғысқа дейін бұл жерде күн сайын азық-түлік пен ет тиелген 50-ге дейін жүк көлігі түсірілетін. Порт маңында шамамен 500 адам жұмыс істеп, осы жерден күнкөріс табатын. Қазір айлақтың басым бөлігі қаңырап бос тұр. Жүк азайды, жұмыс та жоқ. АҚШ пен Канада арасындағы сауда текетіресі де жаңа кезеңге өтті. Вашингтон Канададан импортталатын құны шамамен 20 миллиард доллар болатын тауарларға 50 пайыздық тариф енгізді. Канада бұған 15, 25 және 50 пайыздық қарсы тариф арқылы жауап қатты. Оның ішінде болат пен алюминий, ірімшік, тұрмыстық техника, киім-кешек, косметика және ауыл шаруашылығы жабдықтары бар. Канаданың бұл қадамы АҚШ-пен сауда келіссөздері сәтсіз аяқталғаннан кейін жасалды. КАНАДА ҮКІМЕТІ: Бұл қарымта баж салықтары АҚШ-тың Канаданың 20 миллиард долларлық тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізу туралы шешіміне жауап ретінде қабылданды. Бұл шара канадалық жұмысшыларды, фермерлерді, отбасыларды және кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған. Біздің мақсатымыз - өз өндірісімізді қорғап, америкалық тауарлармен бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беру. Куба да АҚШ-тың экономикалық шектеулерінен шығынға ұшыраған. Елдің Сыртқы істер министрі Бруно Родригестің мәлімдеуінше, былтыр шығын көлемі 8 миллиард 100 миллион доллар болса, биыл шамамен 9 миллиард долларға жеткен. Қазір Кубада отын тапшылығы да байқалады. Десе де Гавана мен Вашингтон арасында әзірге келіссөздер жүріп жатқан жоқ. Бірақ байланыс қайта орнауы да бек мүмкін. Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.