Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті

Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
View on original source
Category: Politics
Share
Archive
Like
Семейде Toyota Land Cruiser жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті. Кейуана сол жерде көз жұмды. Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған. «Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындаған кезде жылдамдықты төмендетіп, маневр жасау барысында ерекше сақ болуға шақырады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат беретін сигналы жанған кезде де, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізу ұсынылады», – делінген облыстық ПД хабарламасында. Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.