Қызылжарда екі жыл бұрын түрмеден босап шыққан қылмыскер қайта сотталды

Қызылжарда екі жыл бұрын түрмеден босап шыққан қылмыскер қайта сотталды
View on original source
Category: Politics
Share
Archive
Like
Қызылжарда екі жыл бұрын түрмеден босап шыққан қылмыскер тағы заң бұзып, қайта сотталды. Ол бұрын он екі адамды өлтіріп, 25 жыл жазасын өтеген. 2024 жылы бостандыққа шыққан соң, қаладағы компаниялардың біріне күзетші болып жұмысқа орналасыпты. Алайда, көп ұзамай ескі әдетіне қайта кіріскен көрінеді. Саяжайдан қайтып келе жатқан әйелге қоқан-лоқы көрсетіп, зорламақшы болған. Абырой болғанда, жәбірленуші оның қолынан босап шығып, дереу полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары күдіктіні аталған белгілері бойынша көп ұзамай құрықтады. Екі айға созылған тергеудің нәтижесінде 62 жастағы қылмыскер тағы 9 жылға сотталды. Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.