Оралда есірткі таратқан шетелдік азамат 6 жылға сотталды

Оралда есірткі таратқан шетелдік азамат 6 жылға сотталды
View on original source
Category: Politics
Share
Archive
Like
Оралда есірткі таратқан шетелдік азамат 6 жылға сотталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні есірткі заттарын жасырған жерінен қолға түсірді. 33 жастағы шетелдікті тінту кезінде ұнтақ зат салынған 12 орама және екі телефон тәркіленді. Қосымша тексеру барысында осындай зат салынған тағы 13 орама табылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары оның есірткі сататын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істейтінін анықтады. Ал жүргізілген сараптама қорытындысы тәркіленген заттың синтетикалық есірткі екенін растады. ЖАННА ӨТЕБАЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қылмыстық істі қарау нәтижесінде сот ер азаматты кінәлі деп танып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.