Астанада бір сыныпта 47 бала оқып жатыр

Астанада бір сыныпта 47 бала оқып жатыр
View on original source
Category: Health
Share
Archive
Like
Мектеп бар, бірақ орын жоқ. Кейбір білім ордаларында оқушы санының көптігі сонша, бір сыныпта 40-тан астам бала отыруға мәжбүр. Биыл министрлік 380 мың бірінші сынып оқушысын қабылдауды жоспарлаған еді. Алайда оқу жылы басталғалы мектеп табалдырығын аттағандар саны 391 мыңға жетті. Оқушы көбейген сайын білім сапасы төмендемей ме? Мәселені Айғаным Тұрысбек зерттеді. Биыл елордада 33 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Алайда оқушы санының күрт көбеюі білім ошақтарындағы орын тапшылығын айқын көрсетті. Кей мектептерде сыныптар алфавиттің жартысына дейін жалғасып жатыр. Әлеуметтік желіде астаналық ата-ана №95 мектептің бір сыныбында 47 бала оқитынына шағымданды. Осы жазбадан кейін қалалық Білім басқармасы түсініктеме берді. Әкімдік өкілдері бұл жағдайды «уақытша» деп отыр. АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ: Жаңа оқу жылы басталғаннан кейін де мектепке оқушылар қабылданып, білім алушылар саны артқанын хабарлаймыз. Қазіргі таңда оқушылар санының артуына байланысты жаңадан сыныптар жасақталып ашылды. Аталған мектеп бала саны көп білім беру ұйымдарының қатарына жатпайды. Оқушы санының көптігі бір ғана мектеппен шектелмейді. Желідегі жазбаның астында өзге де ата-аналар осы мәселеге қатысты пікір қалдырған. БЛИЦ: - Біздің сыныпта 42 оқушы. 72 мектеп - Сол жағалауда мемлекеттік балабақша мен мектептер аса қатты жетіспейді. Бұл мәселені айтып шағымданудан да шаршадық. Бірақ жекеменшік мектептер көп: бір ғана ауданда шамамен 10-ға жуық - Біздің мектепте 1-сыныптың 17 сыныбы ашылды. Бұл әр сыныптағы оқушылар саны 23-тен аспауы үшін жасалды. Әйтпесе мұғалім балаларға тиісті білім бере алмайды. Иә, 50-ге жуық балаға бір мұғалімнің зейіні жетпесі анық. «Ұстаз тәртіп қадағалай ма, әлде білім бере ме?» - деп сарапшылар да дабыл қағуда. АЯН ДӘУЛЕТОВА, ПЕДАГОГ: Баланың академиялық біліміне және мұғалімнің сол балаларды тәртіп жағынан басқаруына біраз кедергі келтіретіні анықталған. 46 бала мұғалімнің зейінін 46 тарапқа бөледі деген сөз. Мұғалім балаға жеке білім беруден сыныпқа топтық білім беруге ауысып кетуі мүмкін еріксіз түрде. Бұл дабыл қағатындай мәселе. Мектептегі орын тапшылығы Оқу-ағарту министрінің де құлағына жетті. Жұлдыз Сүлейменова елорда мектептеріндегі сыныптардың шамадан тыс толуына жоғары көші-қон ағыны мен демографиялық өсім себеп екенін айтты. Осыған байланысты биыл елордада 12 қосымша мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ, жыл сайын оқушы орындарына деген қажеттілік шамамен 30 мыңға артып келе жатқандықтан, елордада жылына кемінде 7-8 жаңа мектеп салу қажеттігі туындап отыр. Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.