«Ақымақтығымнан болды...»: Нұртас Адамбай көпшіліктен кешірім сұрап, көз жасына ерік берді (видео)

«Ақымақтығымнан болды...»: Нұртас Адамбай көпшіліктен кешірім сұрап, көз жасына ерік берді (видео)
View on original source
Category: Entertainment
Share
Archive
Like
Актер Нұртас Адамбай режиссер Қанат Бейсекеевке сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. Ол кезінде дінге қатысты айтқан пікірі қате болғанын мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады. Мысалы, футбол ойнамау және көрмеу керек деген пікірі үшін өкінетінін жеткізді. «Футбол ойнамау керек, көрмеу керек деп айтып, қателестім. Бұл менің ақымақтығымнан болды. Ол кезде біреуге не істеу, не істемеу керегін айтуға құқығым бар деп ойлайтындай ақымақ болдым. Біреу менің кесірімнен жалпы дін туралы теріс ойлап қалуы мүмкін. Осы ойдың өзі мені қазір қорқытады. Менің кесірімнен бір адамның дінге деген көзқарасы бұзылғанын мүлде қаламас едім. Біреуге бір нәрсені күштеп таңған кезде, сен оған «сен ақымақсың, мен ақылдымын, саған не керек екенін мен білемін» дегендей боласың. Мұндай нәрсе ешкімге ұнамайды», – дейді ол. Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

(0)Comments

 

A note on cookies

Newshunt uses essential cookies to keep you signed in and to remember your language and country, so the site works the way you expect. With your permission, we'd also like to use analytics cookies to understand how people use Newshunt and improve it over time.

Accepting only affects analytics. To learn more, view our Privacy Policy or Terms & Conditions.